#Байзақ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

#Байзақ: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы мұқтаж бес отбасыға 50 000 теңге көлемінде қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында мұқтаждарға азық-түлік алынып үлестірілді.

         Асыл дініміз күллі адамзат баласын татулық пен достыққа, бірлік пен жанашырлыққа шақырып қана қоймай, осы ізгі қасиеттерді қоғамға мейлінше көбірек таратуды бұйырады. Қоғамды ізгілендіруге ықпал ететін игі амалдың бірі – қайырымдылық жасау, садақа беру.

Дініне берік бабаларымыз да бағзыдан қайырымдылықтың сауапты амал екенін біліп, айналасындағы жетім-жесірдің, жарлы-жақыбайдың мұң-мұқтажын өтеп, ізгілік жасауда алдына жан салмаған. Әрбір сөзінен даналықтың тамшысы тамып тұратын халқымыздың: «Кең болсаң, кем болмайсың», - деген тәмсілі де қолы ашық, жомарт жанның Алланың разылығын көздеп жасаған жақсылығы екі дүниеде де тиесілі қарымын алатындығын меңзесе керек. Осы ретте аталмыш акцияға қол жәрдемі мен сөз жәрдемін аямаған демеушілерге Алла Тағала жар болғай!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: