Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің «Имани жаз» сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесіп, «Білімді мыңды жығар» тақырыбында насихат айтты.
Қанат Әділханұлы насихатында: «Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды», - деп баяндады.