#Байзақ: БАС ИМАМ БУРЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ БУРЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Бурыл ауылдық огругінің әкімдігінің мәжіліс залында ауыл халқымен кездесіп, «Теріс діни бағыт қоғам дерті» тақырыбында насихат айтты.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, жер бетінде қауіп-қатер көбейіп тұрған кезеңде сақтанбасқа және сақтандырмауға болмайды. Ата діні жайлы сауаты да, түсінігі де жоқ жастарды жат ағымдарға қарай бұрып, тура жолдан тайдырып жүрген теріс пиғылдылардан арашалағаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді екені анық. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан шаралар да аз емес. Жат ағымдардың жетегінде адасқандар бүгінгі қоғамның айықпас бір дертіне айналды. Тағдырдың басқа салған қиындығын оңай жолмен еңсеремін деп, білместікпен немесе діни сауатсыздықтың салдарынан өзге діннің шырмауына түсіп, өрескел қателікке жол беріп жатқандар қаншама? Болашағы бұлыңғыр діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмай жатуымыздың бір себебі сауатсыздықтан.

Қазіргі таңда елімізде халықтың, әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, жат ағымның жетегінде кетпеуін, дәстүрлі құндылықтарды сақтауын қолға алуымыз қажет, – деді.

Шара соңында жиналған көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: