#Т.РЫСҚҰЛОВ: «СҮЙІМБАЙ ҚАЖЫ» МЕШІТІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «СҮЙІМБАЙ ҚАЖЫ» МЕШІТІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Жақсылық ауылдық «Сүйімбай қажы» мешітінің тұрмыс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жасады. Ауыл мешітінде «Имани жаз» сауат ашу курсында 30 ға жуық ұл бала, 10 шақты қыз бала Құран оқуды үйреніп, діни сауаттарын ашуда. Шәкірттерге дәрісті «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің 3 курс шәкірті Алтай Оразалы жүргізуде. Алдағы уақытта курста жақсы оқып, нәтиже көрсеткен шәкірттерге арнайы сыйлықтар дайындалып қойылған.

Сонымен қатар, аудан бас имамы мешіт сөрелеріндегі діни кітаптарға сараптама жасады. Мешіт камераларының жұмысын тексерді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: