Меркі ауданы мешіттерінде “ИМАНИ ЖАЗ – 2024” жазғы діни сауат ашу курсы аяқталып, бір айға жуық Құран әліппесі мен Имандылық әліппесі дәрістерін үйренген шәкірттерге сертификат табысталды. Жалпы Меркі ауданы бойынша 250 шәкірт тәлім алды.
Осы жылғы Имани жаз курсы ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің мамандары тарапынан дайындалған “Имандылық әліппесі” кітабының негізінде оқытылды. Аталмыш еңбек Алланың көркем есімдері, балаларға түсінікті тілде діни мәліметтермен қатар, қазақи өлең-жырлар, мақал-мәтелдер мен ғибратты оқиғаларды қамтыған 15 дәрістен құралып, балалар үшін өте ыңғайлы оқу құралы қызметін атқарды.
Еліміздің келешегі саналатын бүлдіршіндеріміз рухани бай, жан-жақты сауатты, иманды да адамгершілікті болып өссін деп тілейміз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі