Жамбыл облысы Байзақ аудандық мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінде II аймақ имамдарына семинар өткізіп, «Жат ағымның кесапаты» тақырыбында насихат айтты.
Семинарда Қанат Әділханұлы: «ХХІ ғасырда интернеттің дамуымен қатар, виртуалды әлемдегі теріс деструктивті ағымдардың да белсенділігі артып отыр. Бұрын көше кезіп өз сенімдерін таратқан олар бүгінде толықтай ғаламторға көшті десе болады. Дегенмен, белгілері өзгерген жоқ. Оларды тану үшін адамға дін ғұламасы болу керек емес. Жат ағымдардың негізгі белгілерін тани білсе, кез келген адам теріс идеологияны таратқан дінбұзарлардың қақпанынан аман қалмақ», - деді.