Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылы «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы мешітке келуші жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты. Қазіргі уақыттағы кейбір қанымызға сіңіп кеткен дәстүрлердің негізі асыл дінімізден қаланғандығын айтып, мысалдар келтірді. Сонымен қатар, ел ішінде кең тараған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің кейбірі Алла Елшісінің хадистерінен алынғандығын байқаймыз.
Дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді ұлағаттаған, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі