#Байзақ: ИМАМДАР БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІН АРАЛАДЫ

#Байзақ: ИМАМДАР БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІН АРАЛАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты IV аймақтың жетекшісі Әли Олжабайұлының ұйымдастыруымен «Дархан дала» жобасы аясында аймаққа қарасты ауыл имам-молдалары мен Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ аудандық өлкетану музейін аралап6 құнды жәдігерлердің тарихымен танысты.

Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Бағдар мен белес» мақаласында: «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.

Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», -деп жазды. Әр бір қазақ өз тарихын білу арқылы отанға деген махаббаты арта түсетіні баршамызға мәлім.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: