#Байзақ: БАС ИМАМ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

#Байзақ: БАС ИМАМ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ ауданына қарасты әйел ұстаздарға семинар өткізіп, «Ислам және отбасы құндылықтары» тақырыбында дәріс оқыды.

 Қанат Әділханұлы: «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты», - деген. Осыған қарап-ақ, отбасы мүшелерінің өзара міндеттері исламда анық көрсетілгенін ұғынамыз. Хақ дінміз отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен», - деді.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: