Ислам дінінің басты мерекесі саналатын Құрбан айттың шежіресі ерте заманнан бастау алады. Алла тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына кенелтеді. Құрбан шалу да Алла тағаланың арнайы әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы Раббысының ризашылығына қауышып, ана дүниеде жүзі жарқын болып, мол сауабына кенелері сөзсіз.
Ұлық мейрам қарсаңында "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері құрбандық шалып, етін 8 отбасыға таратты. Құрбандық етімен қатар азық-түлік алып үйді-үйге жеткізді. Айттық алып мәз-мейрам болған отбасылар батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі