Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және III аймақ имамдарымен Тараз қаласында жаңадан бой көтерген «Әлі ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Менмұндалаған көрікті мешіттің имамы Асқар Зәкіржанұлы ауданнан келген имамдарды күтіп алып, мешіттің ішкі және сыртқы ерекшеліктерін түсіндіріп, бөлмелерін аралатып көрсетті. Үлкендігі жағынан Жамбыл облысындағы екінші орындағы мешіттің жалпы сыйымдылығы 2500 адамға шақталған.
Байзақ ауданына қарасты III аймақ имамдары жаңа мешітте бесін намазын оқып, жамағат алдында Ясин сүресі жазылған картинаны және Құран оқитын рахләны сыйға тарту етті. Асқар Зәкіржанұлы Қанат Жұмағұл бастаған Байзақ ауданының имамдарына өз алғысын білдірді.