Дін мен дәстүр егіз ұғымдас. Салт - дәстүрімізді дәріптеген “Достық” мешітінің жамағаты мешіт ауласына киіз үй тігіп ауызашар дастарханын жайды
Ауызашарда ауыл тұрғындары бас қосып, дастархан басында Құран оқылып, дұға жасалды. Игі іс-шараға жиналған жамағатқа Тойлыбай имам уағыз-насихат айтып, халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ауызашқан жандар осы қасиетті айда игілікті іс-шараны жүзеге асырған, ауыл имамы мен бір үйдің баласындай ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытқан мешіт жамағатына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.