Меркі ауданы, Кеңес ауылы “Ар-Разақ” мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың зекеттің хикметі жайлы уағыз-насихат айтып, халық арасында зекеттің парыздығы турасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізіп келеді. Осы орайда қасиетті Рамазан айында ауылдың Хайдар есімді азаматы өзінің нисаб мөлшеріне жеткен сиыр малының 30 бастан бір тана зекетін, ауылдағы жалғыз басты анаға берді. Алла Тағала зекет беруші жанға береке берсін!
Қарамалдың шариғат бекіткен нисабы – 30 бас. Егер қарамалдың саны 30-дан аз болса, зекет беру міндетті емес.
30-39 аралығындабір жасар 1 тана;
40-59 аралығында екі жасар 1 тана;
60-69 аралығында бір жасар 2 тана;
70-79 аралығында бір жасар 1 тана және екі жасар 1 тана;
80-89 аралығында екі жасар 2 тана;
90-99 аралығында бір жасар 3 тана;
100-109 аралығында бір жасар 2 тана және екі жасар 1 тана;
110-119 аралығында бір жасар 1 тана және екі жасар 2 тана;
120-129 аралығында бір жасар 4 тана немесе екі жасар 3 тана.
40-тан артып, 60-қа жеткенше екі жасар 1 танадан бөлек ешнәрсе берілмейді. Онан соң есеп әр он сиырда өзгеріп отырады. Сиыр, өгіз, тана, бұзау – бәрі бірге есептеледі. Зекетке берілетін тананың еркек не ұрғашыболуына қаралмайды.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі!