Меркі ауданы, Тәтті ауылының имамы Асхат Көпбосынов жолда қалған азаматтарға жәрдемдесті. Асыл дінімізде жетімдерге, жесірлерге, кедейлерге, жолда қалғандарға, әлсіз және ешкімі жоқтарға, аш қалғандарға қолдау көрсетіп, жәрдем беру үлкен сауапты амал. Сондай бір сапар барысында көліктерінің жанармайы таусылып, жолда қалған азаматтар “Тәтті” мешітіне көмек сұрап келген.
Өз кезегінде ауыл имамы Асхат Көпбосыновта мүсәпір жандарға қаржылай көмек қолын созып, дұға жасап, ақ жол тіледі. Сапардағы жандар ауыл имамына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жолға шығып кетті.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.