Тазалық иманның жартысы. Исламда тазалыққа баса мән берілген. Қасиетті Құранда Кәрімде: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят), - делінеді.
Осы орайда, Меркі ауданы, Қызыл таң ауылы «Молдазым» мешітінің имамы Алтынбек Берікұлының бастауымен мешіт айналасы тазартылып, сенбілік ұйымдастырылды. Мешіт айналасы таза, көркем, әдемі болуы тиіс. Мешіт маңының тазалығы әрқашан басты назарда ұсталады. Ауылдық мешіт айналасының қара жері қазылып,босатылып, гүл шоқтарын егу үшін әзірленді. Сонымен қоса мешіт айналасындағы жер тегістеліп, мешіт айналасы толық тазаланып, сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мешіт ауласын тазалау үшін, уақыт тауып келген, жүректері иманға толы жандарға Алла Тағала екі дүние жақсылығын нәсіп етсін дегіміз келеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі