Рамазан – Құран айы. Осы айда мұсылман адам үшін Құран хатым жасау өте үлкен сауапты амал. Осы орайда Меркі ауданына қарасты 5 мешітте тарауық намазында қарилар Құран кәрімді толықтай хатым етіп бітірді. Қасиетті қадір түнінде жамағатпен бірге хатым дұғасы жасалып, елдің амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды.
Мешіт ұжымының ұйымдастыруымен және жамағаттың қолдауымен, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен Рамазан бойы тарауық намазын өткізген әр қариға үстілеріне шапан жабылып, қаржылай сыйақы табысталды. Мешіт жамағаты хатым түсірген қари жігіттерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Меркі аудандық «Мерк» ата» мешітінің баспасөз қызметі