#Меркі ауданы: Сұраушыға көмек беру - адамгершіліктен

#Меркі ауданы: Сұраушыға көмек беру - адамгершіліктен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы "Достық" мешітіне көмек сұрап, жағдайын айтып  келген мұқтаж жанға, мешіт имамы Халыллаев Тойлыбай  апамыздың көмек сұрап келген қолын бос қайтармай, аз да болса қажетіне жаратсын деп 15 000 теңге қаржылай жәрдем беріп жіберді. Ақжаулықты апамыз мешіт имамына алғысын айтып, ризашылығын білдіріп қайтты.

Ғалымдарымыз есік алдына келіп сұраушыны бос қайтаруға болмайтынын айтып, мына хадисті негіз ретінде ұстанған.

Ибн Аббастың (Алла одан разы болсын) айтуынша бірде оған бір қайыршы келгенде одан: «Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне және Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) Оның елшісі екеніне куәлік етесің бе?» - деп сұрайды. Қайыршы: «Иә», - дейді. Ибн Аббас: «Ораза ұстайсың ба, намаз оқисың ба?» - дейді. Әлгі адам: «Иә», - деп жауап береді. Ибн Аббас: «Сен сұрадың, сұраушының ақысы бар. Бізде сұраушыға беру міндетіміз», - деп оған бір киім береді. Сөзін жалғастырып былай дейді: «Алланың Елшісінен ( Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) былай дегенін естідім: «Бір мұсылманға киім кигізген әрбір мұсылман Алланың қорғауында болады. Сол киімнің бір бөлшегі оның үстінде болғанша» (Тирмизи, Қиямат 42)

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: