ҚМДБ бастамасымен Рамазан айында оқу-ағарту бағыты бойынша басталған «Намаз оқып үйренейік» дәрістер топтамасы өз жалғасын табуда. Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлы мешітке келуші жамағатқа, намаз оқуды енді үйреніп жатқан жандарға әр күні құлшылққа қатысты дәрістерді өтуде.
Әрбір балиғат жасына толған, ақыл – есі дұрыс мұсылман ер мен әйелге намаз парыз. Намаз бұл жәннәттің кілті, діннің тірегі құлшылықтың ең абзалы. Алла Тағала қасиетті Құранда: « Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді» - деген.
Алла Тағала баршамызға намазды толық орындаушылардан болуды жазсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі