Шу аудандық "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында "Алланың 99 көркем есімі" атты жарыс өтті. Сайыс 3 тур бойынша жүргізіліп, мешіт шәкірттері мен жамағат бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан шәкірттерге сыйлықтар табысталды. Шара соңында дастархан жайылып, "Жәми" мешітінің ұстазы Гүлжан Сағындыққызы уағыз-насихат айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі