Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы.
Мұндай игілік "Төле би" мешітінде ұйымдастырылып, жағдайы төмен 3 отбасыға кілем, қап пияз және қаржылай көмек бірілді. Көмекті мешіт азаншысы Иброгим Жалалиев табыстап, жанұялардың алғысын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі