"Төле би" мешітінің әйелдер жамағатына дастархан басындағы уағыз ұйымдастырылды. Мешіт ұстазы Насихат Доғдырбайқызы көпшілікке "Мүміннің мұраты - көркем мінез" тақырыбында уағыз айтты.
"Көркем мінезділікке қол жеткізу - жүрек тазалығының белгісі. Жүрек күпірліктен азат болғанда ғана тазалыққа жол ашылмақ. «Жүрегім таза, халықты жақсы көремін, үнемі қол ұшын беруге дайын тұрамын» деумен іс бітпес. Негізінде адами құндылықтарды құрметтеу өте маңызды. Алайда, сол құндылықтардың мән-мағынасын біліп, үнемі есте ұстау иманмен тікелей байланысты. Адамның иман болмаса істеген жақсылығын жалғасы да болмайды. Өзегі қуыс ағаш секілді үдей соққан дауылға шыдас бермей, шорт кетіп сынған күйі жер жастана құлары сөзсіз" - деп көркем мінез жайлы насихатын жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі