"Төле би" мешітінің шәкірттерінің арасындағы бауырмалдықты артыру, бір-бірімен етене араласып, сүнетті орындау мақсатында дастархан жайылды. "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен өткен жиында дін насихаты айтылды.
Дастархан басында құран оқылып, діни сұрақтар қойылып, шәкірттер бауырмалдығын артыру үшін өзара сыйлықпен алмасты. Ұстаз көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, өз кеңесін айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі