Шу қаласы "Төле би" мешітінің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйытқы болуымен әйел-қыздар секторы мешіт жамағатына "Мұсылман әйелдің 1 күні" атты семинар жасалды. Шараға арнайы "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова келіп қатысты.
Тәжірибесі мол білікті ұстаз мұсылман әйелдің бір күні қандай болуы керектігі турасында насихат айтып, сүннет бойынша нақты қадамдарды тізбектеді. Көпшілік сұрақтарына жауап алып, жиын дастархан басында жалғасын тапты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі