Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Жақсылық — адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым.
Шу қаласы "Тоғай" мешітінде имам имамы Жанат Сағитовтың ұйытқы болуымен жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Өңір тұрғындары алғыстарын айтып, жасы үкендер батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі