Шу қаласы "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың ұйымдастыруымен мешіт жамағатына дәстүрлі уағыз дастарханы жайылды. Шараға Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев арнайы келіп қатысты.
Бас имам жамағатқа уағыз-насихат айтып, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Дастархан басында жамағат уағыз тыңдап, бірге пікірлесіп, рухани азық жинап тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



23 Маусым 2026
7 Мухаррам 1448

