"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде екінті намазынан кейін жамағатқа пәтуа сағаты өткізілді. Пәтуа сағатында жамағат арасында кең тараған мәселелер қозғалып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Шариғат және пәтуа" бөліміне жауапты маман Нұрсұлтан Зұлпыкаров жүргізді. 

"Шариғат тағылымдары мен ережелерін тәпсірлеу барысында дін ғалымдары мұсылман үмметін алаңдатқан барлық сұрақтары мен проблемаларының шешімдерін табу үшін Құран мен сүннеттен «пәтуалар» шығарған. Белгілі болғанындай, әр бір ғасырдың, әр бір кезеңнің өзіне қатысты проблемалары туындайды. Қазіргі таңда үлкен ислам ғұламалары мен ғалымдары, өз заманының муджтахидтері соларға исламның көзқарасы бойынша, түрлі иджтихадтық әдістері мен механизмдерді қолданып жауаптарын беруде. Міне осы пәтуа мен қарапайым діни сұрақтарға жауап беру екі бөлек мәселе," - деп атап өтті маман. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: