«Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы..." - дейді қасиетті Құранда. Әрдайым қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отыратын Шу мешіттерінде кезекті игілік науқаны өтті.
Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Тілемісовтің ұйытқы болуымен 3 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Қайырымдылық үшін 60 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі