Шу ауданы "Бірлікүстем" мешінің молдасы Жетпісбай Әлімбековтың ұйымдастыруымен мешітте 2 бас қой сойылып, еті әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасыға таратылды. Ауыл молдасы әр шаңыраққа өзі арнайы барып, етті табыстап, береке тілеп қайтты.
Сонымен қатар қария науқастанған 5 бүлдіршінге дәрі-дәрмекке жәрдем болсын деген ниетпен әрқайсысына 5000 теңгеден табыстады. Ауыл тұрғындарына әрдайым қарайласып жүретін молда 2023 жылы "Ең қайырымды имам" марапатын алған болатын.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

