НАИБ ИМАМ БАС МҮФТИ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

НАИБ ИМАМ БАС МҮФТИ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Әбжаппар Әмір ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды. Аталған марапатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық мешіт қызметкерлерінің жиналысында салтанатты түрде табыстады. 

Облыстағы бірқатар діни бағыттарға жауапты наиб имам "Халықаралық байланыс бөлімі" және "Цифрлық даму бөлімінің" облыстағы жетекшісі, сондай-ақ "Әдеп кеңесінің" төрағасы. Әрі өңірдегі сайт, баспа, баннер, т.б. фото мен бейнелерді үйестіруші графикалық дизайнер. Мешіттердегі бейнебақылау жүйелеріне, дыбыс аппараттарына, жылдық есепті дайындауға, жылдық жоспарды құруға жауапты имам мешітте бес уақыт және жұма намазда азан айтып, қайырымдылық іс-шараларын да жиі ұйымдастырып отырады. 

Әрбір міндетін жүйелі әрі креативті атқаратын наиб имамға Бейбіт Әліпбекұлы алғыс білдіріп, әріптестері марапатымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітіні баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: