#Рысқұлов: Жастар арасында жарыс өтті

#Рысқұлов: Жастар арасында жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының жастары мен мешіт жамағаты қатысқан кіші футболдан ауқымды жарыс өтті. Жарыстың финалдық ойынына ауыл имамы Ерметов Қайрат қажы арнайы барып, жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттап қайтты.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ  «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген (имам Бұхари). Денсаулық – адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса таба алмай жататын баға жетпес байлық.  Абыз би бабамыз: Аяқ-қолдың қадірін ақсағанда білерсің, Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің. Қызыл тілдің қадірін тоқтағанда білерсің, Білгеніңді сөйлеп қал, білгендерден ғибрат ал,  – деп өсиет айтқан. Халқымызда: «Денсаулық – зор байлық», «Бірінші байлық – денсаулық», «Байлық – байлық емес, денсаулық – байлық» дегендей нақыл сөздер өте көп. Бұл айтылған сөздерден ата-бабаларымыздың денсаулықты қаншалықты жоғары бағалағандығын, тіпті оны негізгі байлық деп танығанындығын түсінеміз. Алла берген үлкен нығмет – денсаулықтың қадірін біліп, бағалап, Иесіне шүкірлік қылуды ұмытпағанымыз жөн.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: