Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты имам-молдалардың жылдық есеп беру жиналысында Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Талғат Салқанұлы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың алғыс хатын жыл бойы талмай қызмет еткен бірқатар имамдарға берді.
Атап айтар болсақ, аудан әкімінің алғыс хаты руханият саласындағы ерен еңбегі мен дінаралық тұрақтылықты дамытуға қосқан үлестері үшін, «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Кушербаева Жанат, «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы, «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлы, «Темірбек баба» мешітінің имамы Жомарт Шәкенұлы және «Үшбұлақ» мешітінің имамы Тулегенов Нұрлыбекке берілді.