#Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ аудандық кітапханасында «Ислам және ізгі қоғам» жылын қорытындылау бойынша Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдарының жылдық есептері тыңдалды.

«Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және ауыл имамдары қатысты.

Мәжілістің салтанатты ашылуында «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек мұндай есеп беру кездесуінің облыс көлемінде Байзақ ауданында бастау алып отырғанын алға тартып, ҚМДБ биыл бес бағыт бойынша жұмыстар атқарғандығын баяндап өтті.

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы мәжілістің бағдарламасымен таныстырды. Аймақ жетекшілері жыл бойы атқарған іс-шараларының есебін баяндап өтті. Атап айтар болсақ, бірінші аймақ мешіттерінің есебін Рахымбек Кенжебайұлы, екінші аймақ бойынша Қанат Тұмарбекұлы, үшінші аймаққа қатысты есепті Ербол Қасқырұлы, төртінші аймақтың есебін Әли Олжабайұлы, бесінші аймақ мешіттерінің есебін Бауыржан Жұмабайұлы слайд арқылы жұмыс нәтижелерін көрсетті.

Жылдық есепті өткізу барысында Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Талғат Салқанұлы аудан бойынша жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесін видео ролик арқылы көріп, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, айтулы шараның маңыздылығына мән беріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы жиынды қорытындылап: «Жұмысты бұдан әрі жандандырып, жүктелген міндеттемелерді абыроймен атқарасыздар деген сенімдемін», - деп жиынды қорытындылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: