#Байзақ: АУДАН ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

#Байзақ: АУДАН ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы жылды қорытындылау жиналысында аудан үздіктерін марапаттады. Марапаттау шарасына облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Талғат Салқанұлы және Байзақ ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Байтеліқызы қатысты.

         Шара барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «ҚМДБ тарапынан бекітілген басты 5 бағытты негізге ала отырып, дін қызметкерлерінің жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін тыңдадық. Атап айтқанда, діни білім және кадр даярлау, уағыз-насихат және ихсан, дін мен дәстүр, ізгі қоғам және діни оңалту бөлімдерінің бір жылдық жұмыс барысына баға беріп, үздіктерді анықтадық», - деді.

Мүфтият жоспары мен өкілдіктің жылдық жоспарын қалтқысыз орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан ауыл имамдарының еңбегі елеусіз қалмады. Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Үздік аймақ имамы – 2023»«Үздік имам - 2023»,  «Үздік ауыл - 2023», «Үздік ұстаз - 2023»,  «Үздік мешіт - 2023», «Үздік наиб имам - 2023»   аталымдары бойынша имамдар марапатталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылы «Ислам және Ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыт бойынша бекітілген іс-шараларды аса белсенділікпен ұйымдастыра білгені үшін,

 «Үздік аймақ имамы - 2023» - Қанат Тұмарбекұлы;

 «Үздік имам - 2023» - Ахмет Жетпісбайұлы;

 «Үздік ауыл - 2023» - Базарбай ауылы;

 «Үздік ұстаз - 2023» - Азамат Нұрғалиұлы;

 «Үздік наиб имам - 2023» - Бақытбек Бауыржанұлы марапатталды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: