#Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫС БАС ИМАМЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫС БАС ИМАМЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы мешіттерінің жылдық есеп беру жиынында қайырымдылық шаралары мен діни рәсімдерді атқарып, рухани бағытта халыққа қызмет жасағандары үшін, ауданның барлық имам-молдаларына облыс наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы алғыс білдірді. Сонымен қатар, облыс имамы Бейбіт Әліпбекұлының жүрек жарды ізгі ниетін айтып, биыл діни қызметте белсенділік танытқан 7 дін қызметкерін облыс бас имамының алғыс хатымен марапаттады.

         Алғыс хат «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы, «Ан-нағим» мешітінің ұстазы Айнұр Зулфикарқызы және осы мешіттің имамы Сейдали Тафилбекұлы, «Әбу Бакір Сыддық» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлы, «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлы, «Аққия» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы және «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы Бауыржан Жұмабайұлына табысталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: