#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «Һибатулла Тарази» медресе колледжінде оқып жатқан студенттермен кездесіп, «Білім алудың пайдасы» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында Қанат Әділханұлы: «Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Надандықтың сипаттық синонимін қазақ – «қараңғылық» деп те атаған. Себебі надандық білім арқылы келетін адамдағы таным-түсінік сәулесін қараңғылық құрсауына батырып жібереді. Сондықтан ғалымдар «Білім – адамды надандықтың қараңғы қақпасынан шығаратын нұр», - деген»,- деді.

Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып мардымды жауаптарын алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: