Халқымыз «Қой асығы демей-ақ, қолыңа түссе сақа тұт», «Асығың алшысынан түссін» деп мақалдап сөйлеуінде асық ойынының қазақ мәдениетіндегі өзіндік орнын байқатады. Жақсы көрген жас буынға «алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр бол» деп сипаттау тегіннен тегін туындамаған, өйткені осы ойын арқылы бабаларымыз жас ұрпақты жастайынан жүйке жүйесін шыңдауға, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеген.
Ұлттық ойынды жаңғыртып, оның тәрбиелік мәнін сіңдіру мақсатында Жастар ісі секторына жауапты Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" медресе-колледінде студенттер арасында асық ату ойыны жасалды. Балалық шақтарын еске алған жастар асыр салып асық атып, дене қыздырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі