Қасиетті жұма күні "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының ұйымдастыруымен мешіттің жастар жамағаты арасында спорттық іс-шара өтті. Аталмыш шарада қол күрес, гір тасын көтеру, қой көтеру, арқан тартыс бойынша сайыстар болды.
Қол күресте жүлделі бірінші орынды Нұрасыл Бақытұлы иемденсе, гір тасын көтеруден Тұрарбек Рахымов, қой көтеруден Еркін Алмат есімді азамат жүлделі орынды иеленді. Спорттық іс-шара өте қызықты әрі тартысты өтті.
Арқан тарту бойынша "Көкпаршылар" тобы бірінші орынға ие болды. Жүлделі орын алған мешіт жамағаттарына мақтау қағазы мен медальдар және ақшалай сыйақы берілді. Сөз соңында Ахат Қайыпбергенұлы барша шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, ізгі тілегін білдірді. Жиын соңында барша жиналған жамағат естелікке суретке түсті.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі