Меркі ауданы, Талдыбұлақ ауылы «Шәкір» мешітінің имамы Еркебұлан Жабықбаев ауылда ұйымдастырылған қазақтың ұлттық ойыны көкпарға қатысты.
Қазақ халқы қуанышты жаңалыққа сүйінші сұратып, көкпар беріп, ат шаптырған. Осы орайда ауыл тұрғыны ұлды болып, сол қуанышына ауылы ортақтас болсын деп көкпар берген. Ауыл имамы да ауылдың бір мүшесі ретінде көкпарда өз күшін сынады.
Алла Тағала қуанышты сәттерімізді көп қылып, әрдайым жақсылықта бас қосуымызды нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі