Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.
Осы мақсатта ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігін Жастар бөлімі апта сайын мешіт жастары, медресе студенттері арасында спорттық додадар өткізіп отырады. Мұндай кезекті спорттық сайыс "Һибатулла Тарази" медресе-колледінде ұйымдастырылып, студенттер кіші футбол ойыны көтеру бойынша білек сынады.
Жастар ісі секторына жауапты Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен жасалған шара тартысты, әрі қызыққа толы өтті. Айта кетейік, оқу орнының студенттеріне апта күндеріне қарай спорттық ойындар күнтізбеге қойылып, жиі жүргізіліп отырады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі