Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданда ұйымдастырылған Бата көкпарына барып батасын берді.
Бас имам: «Көкпар қазақтың ұлттық ойыны. Ата-бабамыз дана халық болған. Бұл ойынның шығу тарихы сонау жаугершілік заманда жақсы ниетте шыққан. Жаугершілік заманда жарақат алған бауырын жаудың қолында, аттың астында қалдырмау үшін, атты адам жерден бауырын көтеріп алатындай білекті болуы үшін осындай ұлттық спорт түрін ойлап тапқан. Өкінішке орай, қазір көкпардың мақсатын түсінбей, өз бауырын қамшымен сабап, атпен таптап, ақшаға ар-намысын сатып жүргендер бар. Бұл ойынды, ешкімге зиян келтірмей, әділ ойнау керек», - деп, көкпардың шығу тарихын айтып, артынша батасын берді.
Алла Тағала жастарымызды қуатты, жігерлі етіп, Елім, Жерім дейтін ар-намысты етсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі