Медресе шәкірттері үстел теннисінде білек сынасты

Медресе шәкірттері үстел теннисінде білек сынасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Спорт – денсаулық кепілі. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау жас ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы.Спорттың адам өмірінде алар орны ерекше екенін ескерсек, спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болатынын да аңғару қиын емес. Ата-бабаларымыз «тәні саудың — жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық», — деп бекер айтпаса керек. Қанатты сөзді азық еткен медресе-колледж жастары арасында өткен аптада спорттық сайыс өтті.

Жастар ісі секторына жауапты Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен өткен үстел теннисіне "Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттері қатысты. Жылдамдықпен, қырағылықпен көзге түскен шәкірттер ішінен үздіктер анықталып, марапатталды. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: