#Шу: Бас имам жастарға насихат айтты

#Шу: Бас имам жастарға насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл  парасаты  мол, мәдени, ғылыми  өрісі  озық етіп тәрбиелеу  аға  буынның  қоғам алдындағы зор  борышы. Ал  жастарды жан-жақты қабілетті  азамат  етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі  зор.  Қазақ  халқы —  рухани зор байлықтың мұрагері. Сол ұрпақтың діни сауатты болуы, раханиятқа қанық болуы маңызды. 

Осы мақсатта Шу ауданында "Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Шараға ауданның көрнекті өкілдерімен қатар бас имам Алмас Кенжемолдаев қатысып, түйіткілді мәселелерді тілге тиек етті. 

Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен ұйымдастырылған шарада бас имам діни тәрбиенің маңыздылығын атап өтіпі, адамгершілік иман, иба деген қасиеттерге тоқталып өтті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: