"Жәми" мешітінде әйелдер жамағатына арналған кезекті уағыз айтылды. Нәзік жандыларға арналған отырыста мешіт ұстазы "Аллаға деген махаббат, Алланы еске алатын отырыстын маныздылығы" жайлы мардымды насихат айтты.
"Жаратушыны сүймеу – құтылудан үміттің жоқтығы деген сөз. Мұсылманның әулиелігі Аллаға деген махаббатының қаншалықты дәрежеде болғандығына байланысты. Жаратушыны барынша жақсы көрген сайын өміріміз ізгілікке толы болады. Мысалға, біздің үйімізде он шақты электр құрылғылары бар: мұздатқыш, кір жуатын машина, желдеткіш, микротолқынды пеш тағы басқа. Бұл құрлығыларда тоқ болмаса ешқандай пайда бере алмайды. Алайда оларға тоқ келетін болса бізге неше түрлі қызмет көрсетеді. Діндегі махаббат осы құрылғыларға қажет тоқ іспетті. Тоқ келмеген құрлығыдан пайда болмағанындай, махаббатсыз болған діннен де пайда жоқ. Жаратушыға деген махаббат - жүрек пен жан азығы әрі көздің нұры!" - деп атап өтті ұстаз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі