Әлжан ана ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы №23 мектепте «Жат ағым жарға жығады» атты орта мектеп оқушыларымен кездесу болып өтті.
Жиынға жиналған 10-11 сынып оқушыларына Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы Аманбаев Саламат пен Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша бөлімінің инспекторы Саидов Мухтар жат ағым зардабын түсіндіріп өтті.
Оқушылар көкейлерінде жүрген сан түрлі сауалдарына тұжырымды жауап алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі