Жақсы ұрпақ тәрбиелеу, оларға жақсы білім беру – заман талабы. Ұрпақты тәрбелеу үшін оған қолайлы жағдай жасау маңызды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық «Әбдімажит» мешітінің жанынан мешіттің жаңа ғимараты, медресе және халыққа арналған асхана салынуда.
Медресенің құрылысымен танысуға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы барды. Ауыл имамы Қайыржан Түзелбай жүріп жатқан құрылыстар жайлы облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлына баяндады.
Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы мешітке келуші жамағат пен шәкірттерге жан-жақты жағдай жасалуы, жатын орынның жылы болуы, қауіпсіздік шаралары барынша сақталуы сынды тапсырмаларды жүктеді.