ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ 2023 ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өңір имам-молдаларының «Ислам және ізгі қоғам» - 2023 жылдық есебін беруге арналған ауқымды жиналыс өтті. Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылды. Құранды "Құран қарилары" курсының шәкірті Нұрислам Бейбітұлы оқыды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев облысқа қарасты қала-аудан бас имамдарының жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін қабылдады.

Шараға аудан бас имамдарымен қатар қалалық және ауылдық мешіттің имамдары, Әйел-қыздар секторының ұстаздары, жалпы 270 кісі қатысты. Дін мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 5 бағыт: «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу ағарту», «Жат ағымдаран сақтану» бойынша жасаған жұмыстарының нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар Діни медиа, «Әйел-қыздар секторы», Пәтуә жұмыстары, Діни сараптама, Халал Даму, Мешіт істері бойынша да тілге тиек етті.

Аталған бағыттарға жауапты мамандар көпшілік алдында сөз сөйлеп, жылды қорытындылады. Облысқа қарасты әрбір өңірдің көрсеткішін баяндап, үздіктерді құттықтап, алдағы жылы мұнан да белсенді жұмыс атқаруға шақырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: