Шу өңірінде насихат жұмыстары басталып, аудандағы бірнеше мешітте ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен жамағатпен кездесу жасалды.
ЖАНТ мүшелері "Кәрібай" молда мешітінде Қуаныш Саят, "Әбубәкір Сыддық" мешітінде Қанат Жұмағұл жамағатпен дидарласты. Көпшілікке білікті мамандар теріс ағымдарға қатысты, қоғамдағы маңызды тақырыптарға байланысты насихатын айтып, көпшіліктің көкейкесті сұрақтарына жауаптар берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі