ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИМАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИМАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының имам-молдалары, әйел ұстаздары қатысқан облыстық деңгейде ауқымды жиын өтті. «Ислам және ізгі қоғам» жылын қорытындылау жиынында үздіктер марапатталып, әр номинация бойынша Бас имамның қолынан алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар алды.

Жыл үздіктері марапатын "Үздік өңір" атағымен Тараз қаласы бастап алып, «Үздік қала имамы» номинациясы бойынша Бекболат Мыңбаев, Ғалымбек Жапек пен Лес аслан "Үздік наиб имам", Әбусейіт Қоспанов, Саламат Аманбаев пен Бақдәулет Оспанов «Үздік ауыл имамы» атанды. Ал Ғалымжан Қонақбаев  «Үздік мақала авторы», Байзақ ауданы "Мақала жазу бойынша үздік аудан" атанса, Бірлік Амангелді, Самат Тұрсынбеков «Үздік ұстаз», «Үздік әйел ұстаз» номинациясымен Жайна Бекназарова,  Жетпісбай Әлімбеков «Үздік қайырымды имам», Хусей Идынов «Үздік азаншы», Ақерке Бекқұлова "Үздік БАҚ тілшісі", Абылайхан Карипбаев "Үздік Халал Даму" қызметкері" номинациялары бойынша марапат алды.

 "Осы алғыс хатпен асыл дініміздің өркен жаюы жолында қажыр-қайрат көрсетіп, 2023 жылы Алла разылығы үшін мүфтияттан және өкілдіктен жолданған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындағаны үшін марапатталады" деген алғыс хат мәтіненде. 

Облыс бас имамы Жамбыл өңірінің діни хал-ахуалы үшін еңбек сіңіріп жүрген имамдарға, ұстаздарға алғысын айтып, Алланың дініне қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: