Аллаға шүкір, жылдан жылға елімізде мешіттердің саны артпаса, кеміген емес. Мешіт салу әркімге емес, Алланың қалаған құлдарына ғана бұйыратын мүмкіндік.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы Қонаев көшесінің бойында келбеті мен сәулеті жарасқан еңселі мешіт іргетасы қаланып, ел игілігіне берілуге жақын. Құрылысы жүріп жатқан мешітпен танысу мақсатында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы арнайы ат басын бұрды. Жүріп жатқан құрылыстың мән-жайын Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы облыс бас имамына баяндап өтті.
Бейбіт Әліпбекұлы құрылыстың сапалы болуы, жамағатқа қолайлы жағдай жасалуы және мешіт құжаттарының дұрыс рәсімделуі сынды тапсырмаларды жүктеді.