#Сарысу: Ауданда жаңа мешіт ашылды

#Сарысу: Ауданда жаңа мешіт ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының Сарысу ауданына қарасты Шығанақ ауылында мешіт ашылды. Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев құлшылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келіп бас муфтидің құтықтауын жеткізіп, халықты бірлікке ынтымаққа шақырды.  Мешіттің ашылуына Сарысу ауданының бас имамы  Айбек Каримбаев және Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов қатысты.

Ауылымызда мешіттердің қатары көбейіп келеді. Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін мектеп. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім жер бетінде мешіт бастаса, Алла Тағала ол пендесіне жәннаттан сарай тұрғызады» деген. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін.

Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында  мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар, облыстың діни басшысы сөз сөйлеп бата берді. Айта кетсек ауданымызда 18 мешіт үйі бар. «Сағыр қәлпе» мешіті 70 адамға шақталған.

Бұл халқымыздың қайырымдылыққа, жақсылық пен ізгілікке деген саф көңілінен шыққан дүниелер. Кешегі қылышынан қан тамған қоғамнан қысылып шыққан азаматтарымыздың рухани жан-дүниесінің азаттыққа жеткендегі еңбегінің жемісі. Жастар мен жасөспірімдеріміз бос уақытын тиімді пайдаланып жылы орындарда кітап оқыса, діни шаралармен шаралармен шұғылданса құба-құп емес пе? Әрбіріміздің ауылымыздан қари ғалым ғұламалар шығып жатса саналы ұрпақ қалыптасарына сеніміміз мол.

Қайырымдылық ұғымының мағынасы өте кең. Халқымыз рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ертеректе үлкендеріміз алдына жағдай айтып келген адамның меселін қайтармауға тырысатын. Жағдайы қиын болып тұрса да оны  демеп жеріп, еңсесін тіктеуге атсалысатын. Бұл - халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болатын. Осының барлығын асыл дініміз мешіттерде насихатталып жүр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: